Түркияның оңтүстік-шығысында күдікті күрд бүлікшілері мен полиция арасындағы қақтығыста екі адам қаза тапты деп хабарлайды түркиялық ақпарат құралдары. Dogan агенттігінің хабарлауынша, Ширнак провинциясындағы Түркияның Сириямен және Иракпен шекарасына жақын Силопи қаласында болған қақтығыстан он шақты адам жараланған. Қаза тапқандардың кім екені әзірге белгісіз.
Өткен айда Түркияның шығысында тыйым салынған Күрд жұмысшы партиясы бүлікшілерінің түрік қауіпсіздік күштеріне шабуылы көбейген соң Анкара партияның Түркия мен Ирактың солтүстігіндегі нысандарына әуеден соққы бере бастаған.
Күрд жұмысшы партиясы Түркиядан тәуелсіздік алу жолындағы қызметін 1984 жылы бастаған. Содан бері қақтығыстарда жалпы саны 40 мыңнан астам адам қаза тапты.