Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі болып Бейбіт Атамқұлов тағайындалған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ол бұған дейін Қазақстан инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы болып қызмет атқарған.
Президенттің ресми сайты бүгін Назарбаевтың жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барғаны туралы хабарлады.
Бұған дейін, бүгін таңертең президент Назарбаев өзі басқаратын «Нұр Отан» саяси партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне осы кезге дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі болып істеген Асқар Мырзахметовты тағайындаған.