Мәскеу түбінде сенбінің кешінде суға қонатын жеңіл моторлы ұшақ пен тікұшақ әуеде соқтығысып, Истра су қоймасына құлаған.
Апат салдарынан барлығы алты адам қаза тауып, тағы үш адам іздестіріліп жатыр деп хабарлады «Интерфакс» агенттігі.
Әуе апаты салдарынан мерт болғандардың бірі – 10 жасар қыз бала су қоймасында шомылып жүргенде ауыр жараланған. Оны құтқарушылар судан алып шыққанымен, кейінірек қайтыс болған.