Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) тамыз айында жариялаған қыздар арасындағы әлемдік рейтингісінде қазақстандық Динара Сәдуақасова алғашқы ондыққа енген.
18 жастағы Динара бұл тізімде тоғызыншы болып тұр. Тағы бір қазақстандық – 15 жасар Жансая Әбдумәлік 11-орында.
Ал осы әлемдік рейтингте 72-орынға және бір қазақстандық шахматшы – 11 жасар Бибісара Асаубаева жайғасқан.
FIDE рейтингісін ресейлік 16 жастағы шахматшы Александра Горячкина бастап тұр.