Бакуде бүгін әзербайжандық журналист Расим Әлиев қайтыс болған.
Осының қарсаңында журналисті жергілікті «Габала» футбол клубының ойыншысы Жавид Гусейновтің туыстары соққыға жыққан деген хабар тараған. Соққыдан ауыр жараланған Әлиев ауруханаға жеткізілген.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттарда, журналисті Facebook парақшасында футболшыны сынаған жазбасы үшін таяққа жыққан деген болжам айтылады.