Accessibility links

Ресейде «Спартак» жанкүйерінің қазасына күдікті ұсталған


Мәскеудің «Спартак» командасының ойыншылары голлдандиялық командамен кездесуде. (Көрнекі сурет)
Мәскеудің «Спартак» командасының ойыншылары голлдандиялық командамен кездесуде. (Көрнекі сурет)

Өткен түнде Ресейдің Самара қаласында мәскеулік «Спартак» футбол клубының жанкүйерін өлтірген деген күдікпен жергілікті 27 жастағы тұрғын ұсталған.

Облыстық тергеу басқармасының мәліметі бойынша, кеше қаладағы кафелердің бірінде жанжалдасып қалғандардың бірі 28 жастағы мәскеулік азаматқа пышақ жұмсаған. Мойнынан жараланған ол адам сол жерде жан тапсырған. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Бүгін Самарада футболдан Ресей чемпионаты 4-турының кезекті ойнында «Крылья Советов» және «Спартак» командалары кездеседі.

Былтыр мамыр айында Мәскеу түбіндегі Пушкино кентінде «Спартак» командасының жанкүйері Леонид Сафьянников соққығы жығылып, қайтыс болған. Бұл қылмыс бойынша ұсталған Өзбекстан азаматы Жахонгир Ахмедов жеті жылға сотталған.

2010 жылы Мәскеуде «Спартак» командасының жанкүйері Егор Свиридовтың кісі қолынан қаза болуы Манеж алаңындағы тәртіпсіздіктерге себеп болған. Оның қазасына қатысты істі қараған сот 2011 жылы күзде Аслан Черкесовты айыпты деп тауып, 20 жылға соттаған.

XS
SM
MD
LG