Accessibility links

Өзбекстанда концерт кезінде адамдар мерт болған


Өзбекстанның Үргеніш қаласының көрінісі. (Көрнекі сурет)
Өзбекстанның Үргеніш қаласының көрінісі. (Көрнекі сурет)

Өзбекстанның Хорезм облысының орталығы Үргеніш қаласында сенбінің кешінде көпір құлағаны туралы ақпарат тарады. Куәгерлер төтенше оқиға салдарынан кемінде 15 адам қаза тауып, 17 адам ауруханаға түскенін туралы айтады деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі.

Төтенше оқиға тамыздың 8-і күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00 шамасында болған. Қалалық саябақта жергілікті танымал әнші Навруз Сабировтың концерті болып жатқан кезде саябақ ортасындағы жасанды көл үстіндегі көпір қара нөпір адамды көтере алмай құлап түскен.

Кейбір ақпараттар бойынша, концертке мыңға жуық адам жиналған. Апат болған жерде түні бойы құтқару жұмыстары жүргізілген.

Өзбекстан ресми орындары әзірше бұл оқиға жайында ешқандай ақпарат берген жоқ.

XS
SM
MD
LG