Accessibility links

Дияс Торонтодағы жарысқа қатысады


Зарина Дияс.
Зарина Дияс.

Бүгін, 10 тамыз Канаданың Торонто қаласында жүлде қоры 2 миллион 500 мың доллар деп хабарланған Rogers Cup жарысы басталады. Бұл турнирге Қазақстанның 1-ракеткасы Зарина Дияс та қатысады. 

Ол 1-айналымда ресейлік Анастасия Павлюченкомен кездеседі. 

Зарина Дияс бүгін жариялаған WTA рейтингінде екі саты төмендеп, 34-орынға түсті. Ал Павлюченко 32-орынға шыққан. 

Тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведова австралиялық Кейси Делаквамен бірге Торонтодағы турнирдің  жұптық жарысына қатысады. Олар алғашқы кезеңде Кристин Младенович (Франция)-Каролина Плешкова (Чехия) жұбымен кездеседі.

Торонтодағы жарыс 16 тамыз күні аяқталады. 

XS
SM
MD
LG