Бірнеше белсенді бұрын "Алға" партиясының жетекшісі болған Владимир Козлов жатқан Алматы облысы Заречное кентіндегі ЛА 155-14 түрмесіне келіп, Козловты 55 жасқа толуымен құттықтамақ болған. Алайда түрме әкімшілігі Козловқа арналған құттықтау хат пен плакатты қабылдаудан бас тартқан.
Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова мен балалары да түрмеге келіп, онымен кездесуге өтініш білдірген. Алайда түрме әкімшілігі Козлов отбасының өтінішін қабылдамаған. Түрме әкімшілігі Козлов қатаң режимде қамауда отырғанын айтқан.
Бұрын "Алға" партиясының жетекшісі болған Владимир Козлов 2012 жылы Жаңаөзен оқиғасына қатысты айыптармен жеті жарым жылға сотталған. Қазақстандық кейбір құқық қорғау ұйымдары оны "саяси тұтқын" деп таныған.