Accessibility links

Лужков: Санкцияға ілінген азық-түліктен биогаз жасау керек


Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков.
Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков.

Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков эмбарго салынып, жойылатын азық-түліктен тыңайтқыш, биогаз бен электр қуатын өндіруді ұсынды. "Извести" газетіне берген сұхбатында Лужков "кез-келген органикалық затты сиыр фермасын жарықтандырып, сиыр сауатын аппарат жұмысына жететін электр қуатына айналдыруға болатынын" айтқан.

Осыған байланысты ол Белгород облысында ет өнімдері қалдығынан биогаз алатын қондырғы барын да еске салған.

Мәскеудің бұрынғы мэрі қазір Калининград облысында ауыл шаруашылығы жұмысымен айналысады.

Ресей президенті Владимир Путин 29 шілдеде санкцияға ілінген азық-түлікті жою туралы жарлық шығарған. Жарлық күшіне енген 6 тамызда 319 тонна азық-түлік - көкөніс, жеміс-жидек, ірімшік пен ет өнімдері жойылған. Азық-түлікті жою жұмысы жалғасып жатыр.

Бұл уақытта change.org сайтында Путиннен азық-түлікті жоюды тоқтатып, керісінше оларды мұқтаж жандарға беруге шақырған петицияға қол қойған адам саны 340 мыңға жуықтаған.

XS
SM
MD
LG