Әзербайжанда ауруханада көз жұмған журналист Расим Әлиевті соққыға жықты деген күдікпен бірнеше адам тұтқындалды. Әзербайжандық ақпарат құралдарының Баку полициясындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, ұсталғандар арасында "Габала" футбол командасының ойыншысы Жавид Гусейновтың туысы Ельшан Исмаилов бар.
30 жастағы Расим Әлиев 8 тамыз күні аяусыз соққыға жығылып, 9 тамыз күні кешке Бакудегі ауруханада қайтыс болған. Ауруханада жатқанында Әлиев өзін Facebook-тегі парақшасында Жавид Гусейновті сынап жазғаны үшін Хусейновтің туыстары соққыға жықты деген.
Бүгін "Габала" клубының басшылығы Гусейновтің тергеу аяқталғанша ойыннан аластатылғанын мәлімдеді.
Кеше Гусейнов журналисті соққыға жығуға қатысы барын жоққа шығарып, мәлімдеме жасаған.
Расим Әлиев бүгін жерленді.