Accessibility links

Алматыдан 333 километр қашықта жер сілкінді


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 332 және 333 километр қашықтықтарда бүгін екі рет жер сілкінді деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

Сейсмологтардың мәліметі бойынша, жер сілкінісі 10 тамыз күні Қырғызстан аумағында Алматы уақыты бойынша сағат 18:31-де болған. Жер сілкінісінің қуаты 5,1 магнитуданы құраған.

Жер сілкінісі дүмпуінің Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат жоқ.

Мұның алдында қазақстандық сейсмологтар Астана уақыты бойынша сағат 16:05-те Тәжікстан аумағында қуаты 5,7 магнитуданы құрайтын жер сілкінісін тіркеген. Ол жер сілкінісінің дүмпуі Шымкент пен Тараз қалаларында сезілген.

XS
SM
MD
LG