Еуропа Одағы мигранттар көп келіп жатқан елдерге 2 миллиард 400 миллион еуро бөлмек. Бұл қаржыны Еуропа Одағы алты жылда біртіндеп береді.
Ең көп қаражат Италия (560 миллион евро) мен Грекия (470 миллион евро) үкіметіне аударылады.
Еуропаға келіп жатқан мигранттардың 80 пайызға жуығы - Сирия, Ливия, Ирак және Ауғанстан сияқты соғыс жүріп жатқан аймақтардан бас сауғалаған босқындар.
Мигранттардың көбі Италия, Грекия, Венгрия арқылы Еуропа Одағының Германия, Швеция, Ұлыбритания сияқты елдеріне өтуге тырысады.