Accessibility links

Мемлекеттік грант иелері анықталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Республикалық "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттеріне 2015 жылғы білім гранттарын иеленген талапкерлер тізімі жарияланды. Биыл мемлекет бөлген 32 мың грантқа 67 мыңнан астам ҰБТ тапсырушы құжат өткізген. Гранттардың 78 пайызы мектепті қазақ тілінде бітіргендерге берілді. Гранттардың үштен бірі - техникалық , 6 мыңы -педагогикалық, 2 мың 500-і ауыл шаруашылығы мамандықтарына бөлінген.

Грант тағайындаған кезде "Алтын белгі", Назарбаев зияткерлік мектептері түлектері, халықаралық және республикалық олимпиада, мүгедектер мен жетім балаларға жеңілдік берілген.

XS
SM
MD
LG