Accessibility links

Google компаниясы холдинг ретінде қайта құрылады


Нью-Йорктағы Google компаниясы ғимаратының сыртындағы жазу.
Нью-Йорктағы Google компаниясы ғимаратының сыртындағы жазу.

Google корпорациясы болашақта жаңа компания ретінде құрылмақ. Жаңа компания Alphabet деп аталады.

Бұл туралы Google компаниясының атқарушы директоры Ларри Пэйдж мәлімдеді. Алайда интернеттегі Google іздеу жүйесі өз атауын сақтап қалады.

Компанияны қайта құрудағы мақсат - холдингке жақын корпоративтік жүйе құру және компанияның бірнеше бөлімшесін біріктіру. Жаңа компанияны Google-дың негізін қалаушылар - Ларри Пэйдж мен Сергей Брин басқарады.

Жаңа холдингке Google іздеу жүйесінен бөлек Google Fiber интернет сервері де кіреді.

XS
SM
MD
LG