Accessibility links

Назарбаев "Қазақ елі" фильмінің түсірілімімен танысты


"Қазақ елі" фильміне қажетті жабдықтар.
"Қазақ елі" фильміне қажетті жабдықтар.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда "Қазақфильм" киностудиясы қызметімен танысты. Ақорданың ресми сайтының мәлімдеуінше, Назарбаев «Қазақ елі» сериалының түсірілім алаңын көріп, шығармашылық топпен кездесті.

Назарбаев жұмыс барысындағы бастапқы атауы «Так сложились звезды» деп аталатын фильм түсірілімі жүріп жатқан алаңда болды.

«Қазақфильм» киностудиясы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 10 сериялы «Қазақ елі» телесериалына қатысатын актерлерді мамырда іріктеген. Фильмнің режиссері - Рүстем Әбдірашев.

Фильм 16 желтоқсанда көрсетіледі деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG