Accessibility links

Алматыда жынысын өзгерткен полицей шағымы қаралып жатыр


Алматы қалалық соты.
Алматы қалалық соты.

Алматы қалалық сотында жынысын ауыстырғаннан кейін ішкі істер департаментінен (ІІД) шығарылған экс-полицейдің шағымы қаралып жатыр.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің бұрынғы қызметкері өзін қызметке қайта алуды, адвокатының шығынын және моральдық шығын өтеуді талап етеді.

Бұған дейін бұл іс бойынша бір рет сот өтіп, шағым қанағаттандырылмаған. Бүгін сот аппелациялық шағымды қарайды.

Бұрынғы полицейдің адвокаты Жанар Балғабаеваның айтуынша, оның жынысын ауыстырғанын білгеннен кейін ішкі істер департаментінің басшылығы "өз еркімен жұмыстан кету" туралы өтініш жаздырған. Кейін ол өтінішінен бас тартатыны туралы кері хат жазғанымен ІІД оны қабылдамаған.

Сот жабық түрде өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG