Accessibility links

Қырғызстан діни сенімі бойынша әскерден босауға рұқсат етпек


Қырғызстан әскері. (Көрнекі сурет).
Қырғызстан әскері. (Көрнекі сурет).

Қырғызстанда діни ұстанымы бойынша міндетті әскери борышын өтеуден бас тартқан азаматтардың әскерден ақы төлеп босатылуына рұқсат ететін заң қабылданды. Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы президент Алмазбек Атамбаев қол қойған "Қырғызстан азаматтарының жалпыға ортақ міндетті әскери борышы туралы" заңға өзгерістер мен түзетулер енгізу заңында қарастырылған.

Заң бойынша, егер азаматтың ұстанатын діни сенімі әскерде борышын өтеуге және қолына қару ұстауына рұқсат етпесе және ол мүше діни ұйым ресми түрде тіркеуден өтсе онда мемлекетке қаржы төлеуі тиіс.

Енді азамат діни ұстанымы бойынша әскерге барудан бас тартса, мемлекетке 18-25 мың сом аралығында қаржы төлеуі тиіс.

Қырғызстанда бұған дейін бірнеше рет діни сенімі бойынша міндетті әскери борышын өтеуден бас тартқан жайттар болған.

XS
SM
MD
LG