Accessibility links

Зарина Дияс Торонтодағы жарысты аяқтады


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Торонтода (Канада) басталған Rogers Cup жарысынан бірінші айналымда шығып қалды.

Ол бірінші айналымда германиялық Юлия Гергестен 2:6, 6:1 және 5:7 есебімен ұтылды.

Зарина Дияс әлемдік рейтингте 34-орында, Гергес – 60-орында тұр. Екі теннисші бұған дейін кездеспеген.

Торонтодағы жарыстың бірінші айналымында Дияс ресейлік әлемнің 32-ракеткасы Анастасия Павлюченкомен кездесуі керек еді. Бірақ ресейлік спортшы жарақатына байланысты бұл жарыстан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG