12 тамызда Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) Қырғызстанды мүшелікке қабылдау туралы келісім күшіне енді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында хабарланды.
Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресеймен бірге енді Қырғызстан да ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі болды.
Қырғызстанның бұл одаққа мүше болу процесі 2014 жылы басталған. Биыл тамыздың 4-і күні Астана Қырғызстанның ЕАЭО құрамына қосылу келісімін, ЕЭО туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және жекелеген халықаралық келісімдерді ратификациялаған.
Мұның алдында мұндай құжаттарды Ресей, Беларусь және Армения елдері мақұлдаған.