Accessibility links

Ресейде "Курск" теңізшілерін еске алып жатыр


"Курск" атом сүңгуір кемесінде қаза тапқан теңізшілерге орнатылған ескерткіш.
"Курск" атом сүңгуір кемесінде қаза тапқан теңізшілерге орнатылған ескерткіш.

Ресейде бүгін 15 жыл бұрын "Курск" атом сүңгуір қайығындағы апаттан қаза тапқан 118 теңізшіні еске алып жатыр. Еске алу шаралары теңізшілер қызмет еткен Солтүстік және Қара теңіз флоттарында өтеді.

"Курск" сүңгуір кемесі соңғы рейске шыққан Видеяво горнизонында митинг өтеді. Еске алу шарасы Солтүстік флоттағы сүңгуірлер гарнизоны мен Мурманскідегі бейбіт кезеңде қаза тапқан теңізші-сүңгуірлерге арналған мемориал кешенінде де өтеді.

"Курск" атом сүңгуір кемесі 2000 жылы 12 тамызда Баренц теңізінде әскери жаттығуға қатысып жүргенде апатқа ұшырап, суға батқан. Апаттан кемеде болған 118 адамның барлығы қаза тапты. Ресми нұсқа бойынша, кеменің суға батуына торпедомен шабуыл жасау жаттығуы кезінде торпедоның жарылуы себеп болған.

Сол кездегі президент Владимир Путин үкіметі апатқа қатысты сылбыр қимылдады және әуелде шет мемлекеттердің кемедегілерді құтқаруға ұсынған көмегінен бас тартқаны үшін сынға қалған.

Кеме экипажы мүшелері қаза тапқаннан кейін Ресейдің ерлігі үшін медальдарымен марапатталып, кеме капитанына қаза болғаннан соң Ресейдің халық батыры атағы берілді.

"Левада-центр" ұйымының таяуда жүргізген сауалнамасы бойынша, биліктің "Курск" теңізшілерін құтқару жұмыстарына сыни көзқарастағы ресейліктер саны 2000 жылдан бері екі есеге азайған.

XS
SM
MD
LG