Accessibility links

Түркия: Шабуылдан үш адам мерт болды


Түркияның оңтүстік-шығыс шекарасы маңы. (Көрнекі сурет).
Түркияның оңтүстік-шығыс шекарасы маңы. (Көрнекі сурет).

Түркияның оңтүстік-шығысында бүгін қақтығыста тыйым салынған Күрд жұмысшы партиясының екі мүшесі мен бір түрік сарбазы қаза тапты деп хабарлады түрік әскерилері.

Ресми мәлімет бойынша, елдің оңтүстік-шығысында күрд жасақтары Диярбакыр қаласының маңындағы Озекли ауылында әскери бекетті гранатометтен атқылаған. Алты сарбаз жараланып, олардың бірі ауруханада көз жұмған. Қақтығыстан екі күрд көтерілісшісі оққа ұшқан.

Анкара шілденің соңында "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы мен Күрд жұмысшы партиясы көтерілісшілеріне қарсы "терроризммен синхронды күрес" жариялаған. Бірақ содан бері Түркия әскері ИМ-нен гөрі күрд көтерілісшілеріне көп шабуылдап жатыр.

XS
SM
MD
LG