Ресей қорғаныс министрлігінің Қазақстан әуе қорғанысы күштеріне тегін берген бес С-300ПС зенит зымыран кешені Алматы маңына жеткізілді деп хабарлады бүгін қорғаныс министрлігі. С-300ПС кешендері теміржолмен Алматы маңындағы "Жетісу" станциясына жеткізілген.
Министрлік мәліметінше, зенит зымыран кешендері әскери сынақтан өткізіліп, әскери-әуе қорғанысы күштеріне бағынышты бөлімдерге беріледі. С-300ПС кешендері Қазақстанның әуе кеңістігін қорғамақ.
С-300ПС зенит зымыран кешені төмен қашықтықта ұшатын шағын нысандарды жоюға арналған.
Ресейдің Қазақстанға С-300ПС кешендерін тегін беретіні өткен жылы хабарланған.