Accessibility links

Джимми Картер ракқа шалдыққанын мәлімдеді


АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер рак ауруына шалдыққаны туралы мәлімдеді. Ол өз атынан таратқан мәлімдемеде «жақында бауырыма жасалған операция кезінде ракқа шалдыққаным анықталды» деп жазған.

Картер қатерлі дертке қарсы ем қабылдайтынын, рак денесінің басқа мүшелеріне де тарағанын айтқан. Ол тамыздың 3-і күні бауырына операция жасатқан.

90 жастағы Джимми Картер – АҚШ-тың 39-президенті. Ол 1977 – 1981 жылдар аралығында АҚШ-ты басқарды. Демократиялық партия өкілі Джимми Картер 1980 жылғы кезекті президент сайлауында республикалық партия кандидаты Рональд Рейганнан жеңіліп қалған соң, Атлантада Картер орталығын құрып, демократия мен денсаулық сақтау саласы бойынша қоғамдық жұмыстар істеді.

XS
SM
MD
LG