Accessibility links

Қытай: жарылыстар салдарынан бірнеше адам өлген


Тяньцзинь қаласындағы жарылыс. Қытай, 13 тамыз 2015 жыл.
Тяньцзинь қаласындағы жарылыс. Қытай, 13 тамыз 2015 жыл.

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Тяньцзинь қаласында бейсенбіге қараған түні жарылыс болды. Қытай басылымдары жарылыстан бірнеше адам қаза тауып, жүзге жуық адам жарақаттанған деп хабарлады. Қытай үкіметі қаза тапқандардың саны өсуі мүмкін екенін айтады.

The Wall Street Journal газетінің жазуынша, жарылыс «аса қауіпті тауарлар» сақталатын қоймада болған. Associated Press агенттігіне қаладан бірнеше шақырым жерде тұратын куәгерлер қалада жер сілкінісі болды деп ойлағандарын айтқан. Қытайдың ресми ақпарат агенттігі Синьхуаның хабарлауынша, ел президенті Си Цзиньпин жергілікті билік органдарына «жараланғандарға көмек көрсету, жоғалғандарды іздеу және өртті сөндіруде күш-жігерді аямауды» тапсырған.

Жарылыс аймағындағы өрт бейсенбі күні таңертең де толық өшіріліп бітпеген.

Тяньцзиндегі жарылыстан кейінгі видео:

Тяньцзиндегі жарылыс
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:39 0:00

XS
SM
MD
LG