Accessibility links

Одиерно: ИМ-мен күрес тығырыққа тірелді


АҚШ құрлықтағы әскери штабының бастығы Рэймонд Одиерно.
АҚШ құрлықтағы әскери штабының бастығы Рэймонд Одиерно.

АҚШ-тың құрлықтағы әскер штабының бастығы генерал Рэймонд Одиерно Ирактағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен күрес тығырыққа тірелгені туралы мәлімдеді. Оның пікірінше, егер алдағы уақытта бұл мәселеде ілгерілеушілік байқалмаса, онда Ирак әскерімен күш біріктірген жөн болмақ.

Жақын күндері қызметінен кететін генерал Одиерно бұл ұсынысты президенттің қарауына ұсыну керектігін айтқан.

Пентагонда өткен баспасөз мәслихатында Одиерно «Ирактың хаосқа айналып кеткеніне» қынжылыс білдірген. АҚШ президенті сайлауына республикалық партия атынан түсуге үміткерлердің Иракта ИМ тобына қарсы әскери операцияларды қатаңдату жайлы ұсынысына қарсы уәж айтқан генерал мәселенің шешімі – Иракта саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыруға байланысты деп мәлімдеген.

Одиерно ИМ тобы мәселесін аймақтағы елдер өздері шешу керектігін де атап өткен.

XS
SM
MD
LG