Роспотребнадзор мекемесі 14 тамыздан бастап Польшадан шпрот импорттауды тоқтатпақ. Мекеменің ұйғаруынша, Польшаның Grall S.A компаниясы шығаратын шпрот жапсырмасындағы тағам туралы ақпарат пен өнімнің энергетикалық қуаты жөніндегі ақпарат Ресейдің тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі заң талаптарына сай келмейді.
Маусым айында Россельхознадзор Эстония мен Латвиядан балық пен балық өнімдерін кіргізуге уақытша тыйым салған. Ол кезде екі елдің 80-ге тарта кәсіпорнының тауарларына тыйым салынған. Ресей ол кезде тыйым салуға азық-түлік қауіпсіздігінің талапқа сай еместігі себеп деген.
Балтық бойы елдерінің балық өнімдерімен айналысатын кәсіпорындары үшін Ресей нарығы ең ірі тұтынушы болатын. Енді латвиялық өндірушілер Батыс Еуропа мен қытайға консерві экспорттау жоспарлары барын айтады.