Қытайдың Уланчаб қаласында бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Бұл жарысқа қатысқан Қазақстан құрамасы бір алтын, үш қола медаль иеленді.
Қазақстандық боксшы Дариға Шәкімова (75 кг) финалда қытайлық Ли Кюаньды жеңіп, чемпион атанды.
Ал 69 килограмда Гауһар Ермекбай, 81 килограмда Мөлдір Базарбаева, + 81 килограмда Ләззат Күнгейбаева қола медаль иеленді.
Енді Қазақстан құрамасы 2016 жылдың басында Астанада өтетін әлем чемпионатына қатысады.