Ресейдің Рязан облысындағы Алабино полигонында өтіп жатқан әскери ойындарда Қазақстан экипажы танк биатлонынан финалға шықты.
Қазақстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, финалға Қазақстанмен бірге Ресей, Қытай және Сербия экипаждары шыққан. Танк биатлонынан финал тамыздың 15-інде өтеді.
Жарысқа онға жуық елден танк экипаждары қатысып жатыр.