Accessibility links

ШҚО: Қытайдан заңсыз кірмек болған үшеу ұсталған


Қазақ-қытай шекарасында тұрған қазақстандық әскери қызметкер. (Көрнекі сурет)
Қазақ-қытай шекарасында тұрған қазақстандық әскери қызметкер. (Көрнекі сурет)

Шығыс Қазақстан облысында сот шекараны заңсыз кесіп өтпек болған Қытайдың үш азаматын қамауға санкция берген.

Күршім аудандық сотының хабарлауынша, Қытай азаматтары Күршім қаласындағы «Маралды» шекара бекетінде ұсталған. Судья Қытай азаматтарын екі айға қамауға шешім шығарған.

2014 жылы Алматы облысында мемлекеттік шекараны заңсыз өтпек болған Қытайдың үш азаматы бір жарым жылға сотталған.​

XS
SM
MD
LG