Accessibility links

«Әл-Қаида» лидері «Талибанның» жаңа басшысын қолдады


«Әл-Қаида» террористік ұйымының жетекшісі Айман әл-Зауахири.
«Әл-Қаида» террористік ұйымының жетекшісі Айман әл-Зауахири.

«Әл-Қаида» террористік ұйымының жетекшісі Айман әл-Зауахири «Талибан» қозғалысының жаңа басшысына қолдайтынын мәлімдеген.

Зауахири аудио-мәлімдемесінде Молла Омардың орнын басқан Молла Мохаммад Ахтар Мансурға қолдау білдірген.

Айман әл-Зауахири Ауғанстан мен Пәкістанның шекарасы аймағында тығылып жүр деген болжам бар.

Бұған дейін «Талибан» ұйымының бір бөлігі Молла Мохаммад Ахтар Мансурды қолдамайтындарын, бұдан былай «Ислам мемлекеті» экстермистік тобына қосылатындарын мәлімдеген.

«Талибан» ішінде екіге бөлінгендер арасында қарулы қақтығыс та болған.

XS
SM
MD
LG