Қазақстан Жамбыл облысындағы «Луговая» кедендік бекетінде 2014 жылдың сәуірінен бері тұрған жағар-жанармай тиелген вагондарды Қырғызстанға өткізе бастады.
Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, бүгінге дейін 352 вагонның 48-і Қырғызстанға өткен. Қалған вагондар алдағы уақытта толық өткізіледі деп хабарланды.
Ресейден Қырғызстанға жағар-жанармай апара жатқан вагондарды 2014 жылы Қазақстан «құжаттары дұрыс болмағандықтан» кеденнен өткізбей қойған еді.
12 тамызда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы арасында кедендік бақылау жойылған.