"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы содырлары Ауғанстанға шағын жорықтар ұйымдастырып жүр және болашақта біртіндеп үлкен қауіпке айналуы мүмкін деп хабарлады осы елдегі АҚШ армиясы генералы Вильсон Шоффрен.
Пентагон өкілінің айтуынша, Сирия мен Иракта ауқымды аймақты басып ала алған ИМ дегенмен қазір Ауғанстанда бір уақытта бірнеше жерден әскери операция жүргізуге әлі қауқарсыз.
"Біз ИМ әлеуетінің біршама өскенін байқап отырмыз, бірақ ол Сирия мен Ирактағыдай әскери операциялар жүргізетін жағдайда емес" деді Вильсон Шоффрен.
Шоффнердің сөзінше, ИМ содырлары қазір Ауғанстанның кейбір жерлерінде "Талибан" бақылауындағы аймақтарға басып кіру үшін осы ұйым жасақтарымен қақтығысып қалып жүр. Ол мұның Ауғанстан тұрақтылығына қауіп төндіретінін, екі ортада бейбіт тұрғындар зардап шегетінін айтады.
"Бұл Ауғанстанның қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар мәселе және біз мұндай жағдайда ауған үкіметіне көмектесуге міндеттеме алғанбыз" деді АҚШ генералы.