Солтүстік Корея өткен аптада Оңтүстік Кореяның екі сарбазын жаралаған шекарадағы минаны жасыруға қатысы барын жоққа шығарды.
Солтүстік Корея қорғаныс министрлігі 14 тамызда шекараның оңтүстік жағына миналарды тек қорғаныс мақсатында ғана қойғанын мәлімдеп, мина жарылысына қатысы жоғын білдірді.
Оңтүстік Корея мен АҚШ өкілдері бастаған тергеушілер әскерилер әдеттегідей шекара маңында қарауылдап жүргенде мина жарылуын Солтүстік Корея жағынан көрген. Жарылыстан екі сарбаздың бірі екі аяғынан бірдей, екіншісі бір аяғынан айырылған.