Accessibility links

Алматы маңында автобус аударылған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы түбінде бүгін таңертең жолаушылар автобусы аударылып, он шақты адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алғаны туралы жергілікті баспасөз құралдары хабарлады.

Жол-көлік апаты Алматыға кіреберістегі «Барыс» автокөлік базары маңында болған. Қаза болғандар жайлы ақпарат жоқ.

Апат салдарынан зардап шеккендердің барлығы Қаскелеңдегі ауруханаға жеткізілген. Куәгерлердің айтуынша, Шымкенттен Алматыға келе жатқан автобуста қырыққа жуық адам болған.

Көлік апатының себебі қазір тексеріліп жатыр.

XS
SM
MD
LG