Қазақстан қорғаныс министрлігінің құрметті қарауыл ротасы Қытай астанасында қыркүйектің 3-і күні өтетін Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлік ақпаратында бүгін, тамыздың 15-і күні қазақстандық әскерилердің қорытынды саптық байқауы өткені, олар Пекиндегі парадқа қатысуға толық дайын екені айтылған.
Қазақстандық құрметті қарауыл ротасының әскери қызметкерлері енді тамыздың 17-і күні Пекин қаласына аттанып, кытайлық әскери қызметшілермен бірлескен жаттығуларға кіріседі деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.