Accessibility links

Дияс WTA рейтингінде 33-орынға шықты


Зарина Дияс.
Зарина Дияс.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс WTA-ның (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) жаңартылған рейтингінде бір саты жоғарылап, 33-орынға қайта шықты.

Қазақстандық басқа теннисші Юлия Путинцева 78-орыннан 77-орынға, Ярослава Шведова 108-орыннан 106-орынға көтерілген.

Қазақстандық үш теннисші де бүгін, 17 тамыз күні АҚШ-тың Цинцинатти қаласында басталатын жарысқа қатысады.

Әлемдік рейтингті америкалық теннисші Серена Уильямс бастап тұр. Екінші орында ресейлік Мария Шарапова, үшінші орында румыниялық Симоне Халеп орналасқан.

XS
SM
MD
LG