Accessibility links

Қазақстан танк биатлоны жарысынан жүлдесіз қалды


Танк биатлоны жарысы.
Танк биатлоны жарысы.

Ресейдің Рязан облысындағы Алабино полигонында өткен әскери ойындарда Қазақстан экипажы танк биатлонынан жүлде ала алмады.

Танк биатлонынан финалға Қазақстанмен бірге Ресей, Қытай және Сербия экипаждары шыққан. Финалда 1 сағат 12 минут уақыт көрсеткен Ресей бірінші орын алды. Ал Ресейден жеті минутқа кешіккен Қытай екінші орынды иеленсе, мәреге 12 минут кейін келген Сербия үшінші орынды иеленді. Қазақстан 1 сағат 26 минут көрсеткішпен төртінші орынды иеленді.

Танк биатлоны жарысына оннан астам елдің экипажы қатысқан.

XS
SM
MD
LG