Египет президенті Абдел Фаттах әл-Сиси терроризммен күрес заңына қол қойды. Заңның қабылдануына қарсы шығушылар "жаңа заң ой еркіндігіне кедергі келтіретінін" айтады.
Жаңа заңда жалған ақпарат таратқаны үшін ірі көлемде айыппұл салу және жұмыстан шығару қарастырылған.
Қабылданған заңға сай терроризм ісін қарайтын арнайы сот құрылады. Террорлық әрекет үшін және оған жатқызылған қылмыстарға бес жылға бас бостандығынан айырудан бастап, өлім жазасына кесуге дейінгі жаза түрлері тағайындалады.
Шілдеде Египетте террорист өзін өзі жарып жіберіп, оқиғадан елдің бас прокуроры қаза тапқан. Осыдан кейін Египет президенті терроризммен күресуді күшейтетінін мәлімдеген.