Алматы облысында екі автокөлік соқтығысып, алты адам мерт болған. Бес адам жарақат алып, ауруханаға түсті.
Алматы облысы ішкі істер басқармасының мәлімдеуінше, жол апаты 16 тамызда Алматы-Өскемен тас жолының 112 километрінде болған. "Мерседес" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы бетке шығып, "Опель" көлігімен соқтығысқан.
Алты адамның барлығы оқиға орнында мерт болған. Жарақат алған бес адамның екеуі - кәмелетке толмаған балалар. Қазір осы жол апатына байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр.