Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдеуінше, "болашақта, Кремль Иранға салынған санкция күшін жойған соң, осы елмен әскери және техникалық қарым-қатынасты дамыта түспек".
Бұл туралы Лавров Мәскеуде Иран сыртқы істер министрі Джавад Зарифпен кездескен кезінде мәлімдеді.
Ресейлік басылымдардың жазуынша, Лавров пен Зариф Иранға С-300 зымыран кешенін жеткізу, Иранда жаңа ядролық электростанция салу мәселелерін және Сириядағы жағдайды талқылаған.