Accessibility links

Таиландтағы жарылыстан 27 адам мерт болды


Бангкоктегі жарылыс болған аймақ. 17 тамыз 2015 жыл.
Бангкоктегі жарылыс болған аймақ. 17 тамыз 2015 жыл.

Таиланд астанасы Бангкок қаласының орталығында болған жарылыстан 27 адам мерт болып, 80 адам жарақат алған.

Жергілікті ақпарат құралдары мәлімдеуінше, қаза тапқандар арасында екі Қытай азаматы мен филиппиндік бар. Жарақат алғандардың көбі - Қытай мен Тайваньнан келген туристер. Жарылғыш зат мотоциклге орналастырылған. Жарылыс туристер көп келетін қала орталығында болған. Бұл маңда түрлі сауда орталықтары мен қымбат қонақ үйлер орналасқан.

Жарылысты ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ.

XS
SM
MD
LG