Accessibility links

Алматыдан 97 км жерде жер сілкінді


Алматы қаласының картасы.
Алматы қаласының картасы.

"Тамыздың 17-сі күні сағат 19:47-де Алматы қаласынан шығысқа қарай 97 километр қашықтықта 4,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді" деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

Зілзала ошағы Қазақстан аумағында, 15 километрге дейінгі тереңдікте болған.

Алматы облысы аумағында жер сілкінісінің дүмпуі сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.

XS
SM
MD
LG