Accessibility links

Азия чемпионатына баратын боксшылар анықталды


Боксшы Жәнібек Әлімханұлы.
Боксшы Жәнібек Әлімханұлы.

25 тамыз бен 6 қыркүйек арасында Таиланд астанасы Бангкокта өтетін бокстан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.

Чемпионатқа 49 килограм салмақта Теміртас Жүсіпов, 52 килограмда Олжас Сәттібаев, 56 килограмда Қайрат Ералиев, 60 килограмда Закир Сафиуллин, 64 килограмда Самат Башенов барады.

Бұдан бөлек, 2013 жылғы әлем чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов (69 кг) пен Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) да Бангкокқа барады.

Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Василий Левит (91 кг) және Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко (+91 кг) да Азия чемпионатына қатысады.

Қазақстан 2013 жылы Иорданияда өткен Азия чемпионатында жеті алтынмен жалпы есепте бірінші орын алған.

XS
SM
MD
LG