Accessibility links

Ресей Әзербайжанда радиолокациялық станция салмақ


Ресейдің Калининград облысындағы зымыран шабуылынан алдын ала ескертетін радиолокациялық станциясы.
Ресейдің Калининград облысындағы зымыран шабуылынан алдын ала ескертетін радиолокациялық станциясы.

Ресей Әзербайжан мен Арктика полярында зымыран шабуылынан алдын ала ескертетін радиолокациялық станциялар салуды жоспарлап отыр.

Ресей қорғаныс министрлігінің "Звезда-ТВ" телеарнасының хабарлауынша, Әзербайжандағы совет кезеңінен қалған Кабала әскери кешенінде салынатын радиолокациялық станция құрылысы 2017 жылы басталып, 2019 жылдың басында аяқталады. Станциялар әуе кеңістігін қашықтан бақылауға мүмкіндік бермек. Жаңа "Воронеж-ДМ" станциясы Ресей 2012 жылы Бакумен жалға алу бағасына қатысты келісе алмағандықтан пайдалануды тоқтатқан "Дариял" радиолокациялық станциясын алмастырады.

Жаңа радиолокациялық станциялар бұған қоса Ресейдің солтүстік-батыс Печора және Мурманск қалаларында да салынып жатыр. Барлық станциялар Ресейдің бақылауында болмақ.

"Звезда-ТВ" телеарнасының хабарлауынша, "Воронеж-ДМ" станциялары бұған дейін Ресейдің Ленинград, Калининград, Иркутск облыстары мен Солтүстік Кавказ аймағында да салынған.

XS
SM
MD
LG