Accessibility links

Қытай киберқылмысқа қатысты 15 мың адамды ұстады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қытай үкіметі киберқылмысқа қатысы бар деген күдікпен 15 мың адамды қамауға алған. Қытай қоғамдық қауіпсіздігі министрлігінің мәлімдеуінше, полиция 7400-ден аса киберқылмысқа қатысты істі тексерген. Олардың қатарында интернет жүйелерін бұзу, онлайн-ұрлық, жеке басқа қатысты құпия деректерді сату сияқты қылмыстар кірген.

Интернет кеңістігін тазарту арнайы операциясын Қытай шілдеде бастаған. Интернетті мемлекеттік заңмен қадағалауды қалайтын Қытай бұл арнайы операцияны алты айға созбақ.

Жақында полиция «Тяньцзиньдегі жарылыстардан қаза тапқандардың санын өсіріп жазды» деген күдіпен бір адамды және сол жарылыста «әкем қайтыс болды» деп ақша жинаған әйелді тұтқындаған.

XS
SM
MD
LG