Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Ғабидулла Абдрахимов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.
40 жастағы Ғабидулла Абдрахимов мамандығы бойынша экономист-бухгалтер, «Болашақ» бағдарламасымен Германияда магистратураны тәмамдаған. 2013 жылдан бері президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметінде істеген.
Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Дархан Сатыбалды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.