Accessibility links

Порошенко Меркель және Олландпен кездеспек


Украина президенті Петр Порошенко.
Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко Украина шығысындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты келесі аптада Германия және Франция басшыларымен кездеседі.

Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиустың айтуынша, Порошенко 24 тамызда Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельмен және Франция президенті Франсуа Олландпен кездеседі.

"Украина шығысындағы жағдай алаңдатып тұр. Күш қолдану тоқтатуы тиіс. Ауыр қару-жарақты түгелдей әкетіп, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бақылаушыларына шабуыл жасауды тоқтату керек. Донбаста жергілікті орындарға сайлау өткізуге қажетті жағдай туындату қажет" деді Фабиус.

17 тамызға қараған түні Украинаның Мариуполь қаласының шет жақтары артиллериядан атқыланып, 2 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Украина мен Ресей қаланың атқылануын бір-бірінен көреді.

Еуропа Одағының (ЕО) өкілі Анника Брейдхардтың айтуынша, Еуропа комиссиясы президенті Жан-Клод Юнкер 18 тамызда Порошенкомен сөйлескен. Порошенко мен Юнкер алдағы күндері Брюссельде кездеспек.​

XS
SM
MD
LG