АҚШ демократиялық партиясының тағы үш сенаторы бүгін Иран мен әлемдік державалар арасында жасалған ядролық келісімді қолдайтынын мәлімдеді. Осылайша келісімді қолдайтын сенаторлар саны 23 адамға жетіп, президент Барак Обаманың республикашыл конгресмендердің келісімге қарсылығын еңсеруіне мүмкіндігі арта түсті. Обама республикашыл конгресмендердің келісімге қарсылығына вето қою үшін кемінде 34 сенатор келісімді қолдауы тиіс.
АҚШ конгресінің Республикашыл партия мүшелері басым өкілдер палатасында Иранмен келісімді 48 конгресмен қолдаған. Обама қарсылыққа вето қою үшін бұл палатаның 146 өкілі келісімді қолдауы тиіс. Конгрестің қос палатасы да қыркүйекте Иранмен келісімді қабылдамай тастайды деген болжам бар.
17 тамызда сенаттағы көпшілікті құрайтын республикашыл сенаторлар жетекшісі Митч Макконнел Обаманың келісімге қарсылықты еңсеру мүмкіндігі барын мәлімдеген.