Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 106-орында тұрған Ярослава Шведова Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан теннис турнирін аяқтады.
Ол екінші айналымда әлемнің 34-ракеткасы ресейлік Анастасия Павлюченкомен кездесті. Шведова бірінші сетте 6:2 есебімен жеңіске жеткенімен, кейінгі екі сетте 3:6, 2:6 есебімен ұтылып қалды.
Шведова бірінші айналымда әлемнің 8-ракеткасы испандық Гарбине Мугурузаны жеңген еді.